
Іс-шара аясында Атырау облысында жабайы қарасора өсетін аумақтарды анықтау, оны жою және таралуына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда рейдтік және тексеру шараларының нәтижесінде облыс аумағында 10 мыңнан астам қарасора өсімдігі анықталып, жойылды. Полиция қызметкерлері облыс аудандарындағы елді мекендерге іргелес аумақтарды, иесіз учаскелер мен ауыл шаруашылығы алқаптарын тексеруде.