
10 тамыз күні «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Доссор–Құлсары–Бейнеу республикалық маңызы бар тасжолының 175-шақырымында дрон көмегімен жүргізілген бақылау барысында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші анықталды. Hyundai Mufasa, Lada және Toyota Alphard маркалы автокөліктердің жүргізушілері тұтас сызықты кесіп өтіп, «Басып озуға тыйым салынады» белгісінің талабын бұза отырып, қарсы бағытқа шыққан. Олардың әрекеті дрон камерасына анық түсіп, құқық бұзушылық дерегі бейнетіркеу арқылы нақтыланды. Аталған жүргізушілерге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.