Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Осы стратегиялық бағыт аясында 5–6 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Атырау облысы полиция департаментінде «Жасанды интеллект технологиялары мен Vibe Coding-ті практикалық қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Оқытуға аудандық және қалалық полиция бөліністерінің қызметкерлерін қоса алғанда, барлығы 100 полицей қатысты. Семинар-тренинг барысында қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін қызметтік міндеттерді орындауда тиімді пайдалану, ақпаратты талдау, цифрлық құралдармен жұмыс істеу және заманауи технологияларды тәжірибеде қолдану бағытында білімдері мен дағдыларын жетілдірді.
Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды. Бұл бастама жеке құрамның цифрлық сауаттылығын арттырып, күнделікті қызметтік үдерістерді оңтайландыруға және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.