Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті қызметте заманауи дрон құрылғыларын пайдаланып келеді. Әуе арқылы жүргізілетін бақылау жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін дер кезінде анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері дрон көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 270-тен астам дерегі анықталды.
Бұгінде дрондар қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, жол таңбалары мен белгілерінің талаптарын сақтамау секілді өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауда тиімді құралға айналды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз қауіпсіздігі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.