Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерімен департамент жанындағы Есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі Кеңес мүшесі Азамат Ахметұлының ұйымдастыруымен есірткі құралдарын насихаттайтын граффити жазбаларын жоюға бағытталған кезекті рейд өтті.
Іс-шараға «Jas qorgau» еріктілері қатысып, Баймұханов көшесі мен Геолог ықшам ауданындағы құқыққа қайшы мазмұндағы, есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазбалары жойылды.
Айта кету керек, 2024 және 2025 жылдармен салыстырғанда мұндай заңсыз жазбалардың саны айтарлықтай азайғаны байқалады. Бұл – құқық қорғау органдары мен еріктілердің бірлескен жұмысының нәтижесі.
Рейд соңында «Jas qorgau» еріктілерімен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белсенді қатысқандары үшін естелік сыйлықтар табысталды.