Атырау қаласы аумағында электросамокаттар мен электромопедтерді пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, электркөлік құралдарын пайдалану талаптарын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіруде.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 25 км/сағ-тан асатын және электр қозғалтқышының қуаты 250 Вт-тан жоғары электросамокат және электромопедтер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.
Сонымен қатар рейд барысында жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері анықталған жағдайда құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өзара қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға шақырады.