Сергітетін профилактика: сақтықты ұмытпа!

Сергітетін профилактика: сақтықты ұмытпа!
Аптап ыстықта Атырау полицейлері ауладағы балаларға ерекше көңіл күй сыйлады 🤩
🚿 Арнайы автокөліктен шашылған салқын су балалар алаңын әп-сәтте шаттық пен күлкіге бөледі.
Ойын арасында тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:
🚦 жолға жүгіріп шықпау;
🛴 самокатпен жылдам жүрмеу, бір самокатқа екі адам мінбеу және жаяу жүргіншілер өткелінен жаяу өту;
🪖 самокат тепкенде қорғаныш құралдарын пайдалану;
🌊 су айдындарына ересектерсіз бармау;
⚠️ қауіпті жерлерде ойнамау;
🚫 бейтаныс адамдарға ермеу;
📞 қауіп төнсе, «102» арнасына хабарласу.
Бұл – жай ғана су шашу емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерін балаларға қызықты әрі есте қаларлық тәсілмен жеткізу 💙
💦 Сергіп ал, бірақ сақтықты ұмытпа!
☀️ Қауіпсіз каникул – бақытты балалық шақтың кепілі!