«Қауіпсіз аула» – қауіпсіз балалық шақтың бастауы!

«Қауіпсіз аула» – қауіпсіз балалық шақтың бастауы!
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аулаларда жүргізілген түсіндіру жұмыстарымен танысты.
👧👦 Тәртіп сақшылары балалармен кездесіп, жол қозғалысы ережелері, ауладағы қауіпсіздік және сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
💬 «Қауіпсіздік – өздеріңнен және ауладағы тәртіптен басталады», – деді өңірдің бас полицейі балаларға.
🤝 Заңды құрметтеу мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!