«Таза Қазақстан»: Атырауда абаттандыру қағидаларының сақталуы тексерілуде

«Таза Қазақстан»: Атырауда абаттандыру қағидаларының сақталуы тексерілуде
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, облыстық Экология департаменті және Атырау облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері бірлесіп кәсіпкерлік нысандар мен мекемелердің аумақтарында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Рейд барысында абаттандыру қағидаларының сақталуы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Жалпы жыл басынан облыс бойынша абаттандыру қағидаларын бұзған 3200 дерек анықталды.
Осы ретте полиция қызметкерлері азаматтарды абаттандыру қағидаларын сақтап, өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуге шақырады. Заң талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.