Қауіпсіздік профилактикадан басталады

Қауіпсіздік профилактикадан басталады
📢 Қауіпсіздік профилактикадан басталады: полиция қылмыстың себептері мен жағдайларын қалай жояды?
🔗Ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі – қылмыстарды ашу ғана емес, олардың алдын алу.
❗️Көптеген қылмыстардың орын алуына көбіне тиісті бақылаудың болмауы, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, көшелер мен қоғамдық орындардың жеткілікті жарықтандырылмауы, бейнебақылау камераларының болмауы немесе істен шығуы, нысандардағы күзеттің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы және басқа да құқық бұзушылыққа қолайлы жағдай туғызатын себептер әсер етеді.
👮🏻Сондықтан полиция қызметкерлері қылмысты жасаған тұлғаны анықтаумен ғана шектелмейді. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда, ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және олардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ресми ұсыну енгізіледі.
❗️Мәселен, Атырау қаласындағы мектептердің бірінің маңында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім қыз бала қаза тапты. Аталған қылмыстық іс бойынша полиция ұсыну енгізіп, нәтижесінде мектеп маңына қоршау, жасанды жол кедергілері мен бағдаршам орнатылды.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының бірінде жасөспірімнің ауыр қылмыс жасау әрекеті бойынша енгізілген ұсыну нәтижесінде аталған мекемеге күзет қызметін көрсеткен ұйымның лицензиясы тоқтатылды.
💡 Ұсыну – жай ғана құжат емес, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігі. Оның мақсаты – қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, осындай құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
📊 Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша жұмыс қорытындысы:
🔹 Қылмыстық істер бойынша 1 792 ұсыну енгізілді;
🔹 Оның 1 384-і қаралды;
🔹 168 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке;
🔹 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
⚠️ Білгеніңіз абзал!
ҚР ҚПК-нің 200-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ұсынулар қолданылған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етіле отырып, бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
Ұсыну көрсетілген полицияның заңды талаптарын елемеу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.