Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамнан 2 млн 500 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан 1991 ж.т Индер ауданының тұрғынын ұстады. Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2 млн 200 мың теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қорқытып алу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.