Полицейлер жол қауіпсіздігі үшін цифрлық тәсілге көшті: Атырауда QR-кодты жадынамалар таратылуда

Полицейлер жол қауіпсіздігі үшін цифрлық тәсілге көшті: Атырауда QR-кодты жадынамалар таратылуда
«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға арналған QR-коды бар арнайы жадынамалар таратуды бастады. Онда жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелер, жолға мал шығуы мүмкін аймақтар туралы ескертпелер және жол қауіпсіздігіне қатысты қосымша ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-код орналастырылған.
 
Бұл бастама жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Полицейлердің айтуынша, мұндай заманауи профилактика тәсілі жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.