Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері «Киберволонтер бол» ақпараттық-медиа науқаны аясында еріктілермен кездесті. Іс-шара барысында қатысушыларға киберволонтерлік қызметтің негізгі бағыттары, интернет кеңістігіндегі құқыққа қайшы контентті анықтау және мониторинг жүргізу тетіктері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар еріктілерге есірткіні насихаттайтын немесе заңсыз айналымына қатысты күмәнді интернет-ресурстар мен сілтемелерді анықтау, олар туралы WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы жедел хабарлау алгоритмі таныстырылды. Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, интернет кеңістігінде заңсыз контенттің таралуына жол бермеу бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.