Жазғы демалыс маусымы аясында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау–Орал тас жолы бойымен балалардың жазғы демалыс орталығына жолға шыққан 120 оқушыны қауіпсіз сүйемелдеп жеткізді. 6–7 жастағы бүлдіршіндердің жол бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері автобус қозғалысын толық бақылауға алып, олардың діттеген жеріне аман-есен жетуіне жағдай жасады.
Сапар барысында тәртіп сақшылары балалармен жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында танымдық әңгіме өткізіп, жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелерді, жол белгілерінің маңызын және көшеде өзін қауіпсіз ұстау қағидаларын түсіндірді. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берген патрульдік полицейлер үшін мұндай жұмыстар – өскелең ұрпақтың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қызметтің бір бөлігі.