«Таза Қазақстан»: Атырауда өзен жағалауларында рейд өтті

«Таза Қазақстан»: Атырауда өзен жағалауларында рейд өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері су көлігі арқылы өзен жағалауларындағы демалыс ұйымдастырылатын орындарға рейдтік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, табиғатты ластамау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаларын насихаттау. Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан табиғат аясында демалу кезінде қалдықтарды жинап, белгіленген орындарға тастау арқылы әркім туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса алады.