Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагері, полиция генерал-майоры, Атырау облысының Құрметті азаматы Қайырғали Жұмабайұлын Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградасымен марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс департаментінің бастығы полиция полковнигі Олжас Сапарханұлы қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Қайырғали Жұмабайұлына құқық қорғау саласындағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі, ішкі істер органдарының дамуына қосқан зор үлесі және жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Құрмет» ордені табысталды. Қатысушылар ардагерді жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.