Атырауда туристік полиция қызметкерлері қала қонақтарына қолдау көрсетіп, олардың өңірде жайлы жүруіне жағдай жасау бағытында қызмет атқарып келеді.
22 маусым күні кезекті қызмет барысында туристік полиция қызметкерлері жолын жоғалтып, адасып қалған шетелдік азаматты анықтады. Құжаттарын тексеру кезінде оның Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды. Ол өзі орналасқан қонақүйден шығып, кейін кері жолды таба алмай қалған. Полицейлер оған тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті бағыт-бағдарын көрсетті.
Өз кезегінде шетелдік азамат Атырау қаласына алғаш рет келгенін айтып, көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ өңір тұрғындарының қонақжайлығы мен жылы қарым-қатынасын ерекше атап өтті.
Шетелдік азаматтың Қазақстанға келудегі мақсаты – еліміздің көрікті жерлерін аралап, туристік мақсатта саяхат жасау екені белгілі болды.