Өңірдің бас полицейі Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды

Өңірдің бас полицейі Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданына барып, аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысты.
Сапар барысында департамент басшысы жеке құраммен кездесіп, өңірдегі криминогендік ахуал, қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полиция қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, учаскелік полиция пункттері мен бекеттердің қызмет ету жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жаңадан салынатын әкімшілік ғимаратының құрылыс алаңын аралап, жоспарланған жұмыстардың барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарының ардагерлерімен, белсенді тұрғындарымен және жастарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұдан бөлек, Бөкейхан ауылындағы шеп бекетінде болып, патрульдік полиция ротасының қызметімен танысып, қызметкерлердің жұмыс жағдайын көрді.
Сапар аясында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылып, халықпен өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылды.