Атырауда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің есімдері қала көшелеріне берілген.
Милиция старшинасы Қабдырахман Ерниязов пен милиция капитаны Владимир Худин Федорович 1974 жылы қарулы қылмыскерді ұстау барысында қаза тапқан. Сондай-ақ милиция майоры Асқар Бисекенов Түсіпұлы 1993 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыстық топтың қолынан қаза тапқан.
Ер есімі – ел жадында. Олардың қайсарлығы мен жанқиярлығы уақыт өткен сайын ұрпақ санасында терең із қалдырып, нағыз ерліктің мәңгілік үлгісі болып қала бермек.