Түнгі сапарда қалған шетелдік мотосаяхатшыларға полицейлер қолдау көрсетті

Түнгі сапарда қалған шетелдік мотосаяхатшыларға полицейлер қолдау көрсетті
Атырау облысының Құрманғазы ауданында учаскелік полиция инспекторлары шетелден келген мотосаяхатшылармен кездесті.
20 маусым күні Швейцариядан Моңғолияға қарай сапар шегіп келе жатқан саяхатшылар түнгі уақытта аудан аумағына келіп, қонатын орын іздеген. Учаскелік полиция инспекторлары оларға қажетті бағыт-бағдар беріп, уақытша орналасу мәселесін шешуге ықпал етті. Кездесу барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, саяхат кезінде қоршаған ортаны таза ұстау мәдениеті жөнінде ақпарат берді.
Шетелдік қонақтар көрсетілген ілтипат пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, қазақ халқының қонақжайлығы мен еліміздің табиғатына жоғары бағаларын берді.
Атырау облысының полицейлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, өңір қонақтарына да қажетті көмек көрсетуді жалғастыруда.