Атырау қаласында дәстүрлі түрде екінші рет ұйымдастырылған «TUNGI RUN–2026» түнгі марафоны өтті. Бұқаралық спортты дамытуға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараға 500-ден астам тұрғын қатысты. Жарыс Салтанат сарайының алдынан басталып, қатысушылар 3 және 5 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті. Түнгі форматта өткен марафон спорт сүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.
Жарысқа Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері де белсенді қатысты. Олардың қатарында Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Әбілқайыр Орақ болып, спорт пен тәртіп сақшыларының қоғамдағы белсенді ұстанымын көрсетті.
Марафон қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған арнайы лотерея ойнатылып, ұтыс нөмірінің иесіне велосипед табысталды.