Атырау облысы полиция департаментінде 60 отбасылық жұп қызмет етеді

Атырау облысы полиция департаментінде 60 отбасылық жұп қызмет етеді
Отбасы – сыйластық пен сенімге, қолдау мен түсіністікке негізделген өмірдің басты құндылығы. Бүгінде Атырау облысы полиция департаментінде 60 отбасылық жұп қызмет атқарады. Олар күнделікті қызметте де, отбасылық өмірде де жауапкершілік пен өзара құрметтің үлгісін көрсетіп келеді.
Солардың бірі – полиция майоры Жәнібек Төлепов пен Айгерім Санабаева. Қызмет барысында танысып, 2016 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар бүгінде екі қыз тәрбиелеп отыр. Құқық қорғау саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан жұп қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүр. Жәнібек Төлепов қызметтік міндетін атқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін ІІМ медалімен марапатталса, Айгерім Санабаева спорт пен қызметті қатар ұштастырып келеді. 2024 жылы олардың отбасы республикалық «Өнегелі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды.
Қызмет пен отбасы құндылықтарын қатар ұстанған мұндай жанұялар берік шаңырақтың қоғам тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін айқындай түседі.
Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі.