Атырауда «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Атырауда «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Республика көлемінде 19-23 маусым аралығында жол жүрісі кауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, жеке адамдар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара кезінде жолда жүру ережелерін өрескел бұзу, оның ішінде жолаушылар мен габаритті емес жүктерді тасымалдау, сондай-ақ көлік құралының тиісті санатына жатпайтын жүктерді тасымалдауға міндетті түрде назар аударылатын болады.
Тәртіп сақшылары автобус жүргізушілерін жол ережелерін бұзбай, жолаушыларға сыпайы болуға шақырады.