Жақында Атырау қаласында онлайн режимінде өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыс Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының прогрессингтік орталығының бастығы полиция подполковнигі Сапиолла Жанғазиев "Кедендік одақ (Армения, Қырғызстан Республикалары мен Ресей Федерациясы) елдерінен жеткізілген көлік құралдарын әкелу, тіркеу кезіндегі заңнамалардың сақталуы, сонымен қатар, оларды мемлекеттік есепке тұрғызу кезіндегі өзекті мәселелер туралы" баяндады.
-"Облыс көлемінде 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасынан әкелінген 6961 көліктің тіркеуге жататын 3960- ның 3939-на тіркеу куәліктері мен мемлекеттік нөмірлері беріліп, облыс бойынша тіркелуі 99,46 пайызды құрады.
Қазіргі кезде Армения мемлекетінен әкелінген көліктерді тіркеу 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды.
Армениядан әкелінген оң жақтан сол жаққа басқару органдары қайта жабдықталған автомобильдерді қаладағы З.Қабдолов көшесі, 56 орналасқан «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының сынақ зертханасымен көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі тексеріліп, хаттамасы негізінде 386 автокөлік құралы тіркелді.
Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша Армениядан әкелінген 4028 көлік тіркеліп, тіркеу куәлігімен, сары түсті мемлекеттік нөмірлері берілді".
Кеңес отырысы бұл бағыттағы жұмыстарды «қанағаттанарлық» деп бағалады.