Атырауда су ресурстарын қорғауға бағытталған рейдтік іс-шара өтті

Атырауда су ресурстарын қорғауға бағытталған рейдтік іс-шара өтті
Атырау облысында су ресурстарының заңсыз айналымының алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шара барысында Атырау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Балық қорына қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп су объектілерінде, өзен арналары мен су қорғау аймақтарында заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп, тұрғындарға су ресурстарын заңды пайдалану қажеттігі түсіндірілді.
Мамандар суға қатысты заңнаманы сақтау табиғи ресурстарды қорғаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтар заңбұзушылық фактілеріне куә болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлауға шақырылды.