Департаментте батыс өңіраралық оқыту семинары өтті

Департаментте батыс өңіраралық оқыту семинары өтті
Атырау облысы полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалым Байжановтың қатысуымен киберқылмыстардың алдын алу және ашу бағытындағы батыс өңіраралық оқыту семинары өтті. Іс-шараға Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің киберқылмыстарды ашу және тергеп-тексерумен айналысатын қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында интернет-алаяқтықты анықтау және оның жолын кесу, ақпараттық технологиялар арқылы жасалатын қылмыстар бойынша дәлелдемелерді жинау және бекіту, цифрлық деректерді талдау, сондай-ақ заманауи криминалистикалық құралдарды тиімді қолдану мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға киберқылмыстарды тергеу барысында жиі кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімді әдістерін талқылады.