Атырауда заманауи криминалистикалық құралдар көрмесі өтті

Атырауда заманауи криминалистикалық құралдар көрмесі өтті
Атырау облысы полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының ұйымдастыруымен қылмыстарды ашу мен тергеуде қолданылатын заманауи криминалистикалық техникалар мен бағдарламалық кешендердің мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған іс-шара өтті.
Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисов, Цифрландыру басқармасының өкілдері және «KAZDREAM», «АИРС» секілді жетекші IT холдинг мамандары қатысты. Жиынды Атырау облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев ашып, қазіргі таңда қылмыспен күресте цифрлық технологиялардың рөлі ерекше екенін атап өтті.
Көрнекі көрсетілім барысында мамандар төмендегідей жобалармен таныстырды. Олар:
- «Цифрлық криминалистика» — қылмыс орнынан сотқа дейінгі заманауи шешімдер;
- «Жылжымалы криминалистикалық зертхана» мүмкіндіктері;
- ⁠«Регула» кешенді құрылғысы арқылы атыс қаруындағы өшірілген нөмірлерді анықтау;
- ⁠Заманауи криминалистік жарық көзі құрылғылары;
Бұл технологиялар қылмысты жедел ашуға, дәлелдемелік базаны нығайтуға және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тез іздестіруге мүмкіндік береді. Іс-шара соңында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, полиция бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
📌 Біздің ортақ мақсатымыз — заманауи технологиялардың көмегімен қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету!