Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ден астам дерегі анықталды

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ден астам дерегі анықталды
Атырау облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, тазалық талаптарының сақталуын бақылауға да мүмкіндік береді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында камералар арқылы қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2400-ден астам құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.
Полиция департаменті тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға шақырады.