Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Ешмановтың қатысуымен департамент алаңында жеке құрамның және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық сап түзеуі өткізілді. Осы ретте тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады.
- Демалыс күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жүргізеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдік қызмет күшейтіліп, профилактикалық жұмыстар жалғасады. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ешманов.