Су айдындарында қауіпсіздік бойынша түсіндіру шарасы өтті

Су айдындарында қауіпсіздік бойынша түсіндіру шарасы өтті
Атырау облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау жөнінде су жағалауында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті желі қолданушылары! Сіздерді су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырамыз.