Өңірдің бас полицейі спорт шеберлерін жеңістерімен құттықтады

Өңірдің бас полицейі спорт шеберлерін жеңістерімен құттықтады
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен республикалық бокс чемпионатында жүлделі орындарға ие болған Қазыбек Сапенов пен Хабиболла Қайырбекті, сондай-ақ Ақтау қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында топ жарған Нұрболат Ыстыбаевты жеңістерімен құттықтады.
Айта кетейік, атыраулық полицейлер республикалық додада 60, 79 және 80 келі салмақ дәрежелерінде жоғары нәтиже көрсетіп, кәсіби шеберлігі мен үздік дене дайындығын дәлелдеді. Тартысты бәсекеде олар қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі орындарды иеленді.
Кездесу барысында департамент бастығы спортшыларға алғысын білдіріп, олардың жетістіктері полиция қызметкерлері үшін үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.