Полицейлер бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады

Полицейлер бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау қаласы Полиция басқармасы Тергеу бөлімінің қызметкерлері Сәбилер үйіне барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
🎁 Тәртіп сақшылары балаларға сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балғындардың жүзіндегі шат күлкі мен қуанышқа толы сәттер мерекенің көркін аша түсті. 😊✨
❤️ Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ және таусылмас қуаныш тіледі.
🤝 Осындай игі шаралардың басты мақсаты – балаларға мейірім мен қамқорлық сыйлап, олардың жүздеріне күлкі ұялату.
🌈 Балалардың қуанышы – біздің ең үлкен марапатымыз!
💐 Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!