Департаментте балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Департаментте балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері өздерінің кішкентай ұл-қыздарына ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер аниматорлардың қызықты көріністерін тамашалап, түрлі ойындар мен көңілді байқауларға қатысып, ән билеп, ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ, балаларға полиция ұжымы атынан арнайы дайындалған тәттілер мен ойыншықтар табысталып, мерекелік сыйлықтар ұсынылды.
Мерекелік іс-шарадан ерекше әсер алған бүлдіршіндер алғыстарын білдіріп, тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген ата-аналарын мақтан тұтатынын жеткізді.