Атырауда есірткіге қарсы ақпараттық жадынама таратылды

Атырауда есірткіге қарсы ақпараттық жадынама таратылды
Атырау облысында есірткі қылмысының алдын алу және халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда. Осы орайда Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — «Насиха» ірі ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынама парақтарын таратты. Іс-шара барысында тұрғындарға есірткі заттарының қауіптілігі, олардың адам ағзасына және психикасына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді. Бір күннің ішінде 200-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды есірткіден аулақ болуға және өз денсаулығы мен болашағын қорғауға шақырады.