«Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

«Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз ісіне адал аға буын қызметін дәріптеу. Осы бағытта қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында полицейлер 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесі мен оқу жылының аяқталу кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін бұзбау, көшеде және қоғамдық орындарда сақ жүру, су айдындары мен қараусыз жерлерге бармау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді. Полиция қызметкерлері қоғам тыныштығы мен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.