Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірлі түлектер!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірлі түлектер!
Мектеп бітіру кеші – әрбір түлектің өміріндегі маңызды әрі есте қалатын сәттердің бірі. Бұл – үлкен өмірге қадам басар кезең. Дегенмен, аталған мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Өкінішке қарай, соңғы жылдары мектеп бітіру кештері барысында жасөспірімдер арасында төбелес, қоғамдық тәртіпті бұзу, түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүру, көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау сияқты құқықбұзушылықтар тіркеліп жатады. Осыған байланысты Полиция департаменті келесі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады:
* спирттік ішімдіктер мен заңсыз әрекеттерден бас тарту;
* қоғамдық тәртіпті сақтау;
* түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүрмеу;
* көлікпен шамадан тыс жылдамдықпен жүруге және колонна құруға жол бермеу;
* жанжал мен төбелеске жол бермеу;
* су айдындары мен қауіпті аймақтарға бармау.
Құрметті түлектер! Мерекелік іс-шараларды өткізу барысында тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір қатысушының міндеті. Заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету маңызды.
Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігін бақылауда ұстап, олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аударуларыңызды сұраймыз. Жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерге немесе қауіпті жағдайларға тап болмауы – ортақ жауапкершілік.