Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің “Әділетті полицей” акциясы аясында Батыс өңірлік интеллектуалдық турнир ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің командалары қатысып, білім мен тапқырлықтарын сынға салды.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды Атырау облысы полиция департаментінің командасы иеленсе, ІІ орынды Ақтөбе облысы полиция департаментінің командасы, ІІІ орынды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің командасы қанжығалады.
Іс-шара полиция қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби және интеллектуалдық әлеуетті арттыруға бағытталды.