Ақтау қаласында спорт шеберлері арасында самбодан Азия чемпионаты өтті. Ауқымды додаға 14 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.
Тартысты турнир нәтижесінде Атырау облысы полиция департаментінің аға инспекторы полиция майоры Нұрболат Мәлікұлы Ыстыбаев барлық үш кездесуін сәтті өткізіп, Азия чемпионы атанды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетумен қатар халықаралық спорт аренасында Атырау облысы мен Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген әріптесімізге толағай табыс пен алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.