Атырау қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық пробация қызметімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында есепте тұрған азаматтардың мекенжайында болуы, сотпен жүктелген міндеттерді орындауы және белгіленген талаптарды сақтауы назарға алынды. Сонымен қатар, оларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қайта қылмысқа жол бермеу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай рейдтік шаралар пробация есебіндегі тұлғаларды бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.