«Тұрмыс» іс-шарасы кезінде 90-нан астам тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылды

«Тұрмыс» іс-шарасы кезінде 90-нан астам тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылды
5 мамырдан бастап облыс аумағында тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы шара аясында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері қалалық полиция бөлім инспекторларымен бірлесіп, жанжал жиі орын алатын отбасыларды тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Аталған аумақта іс-шара басталғалы 120-дан астам құқықбұзушыға әкімшілік хаттама жассқталып, «102» арнасына 95-ке жуық хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде 90-нан астам тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылып, 18 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленді. Бұл шаралар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәгері атансаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет. Кез келген уақытта «102» арнасы арқылы полиция қызметкерлерінен кеңес алып, көмек сұрауға болады.