Атырауда туристік полиция шетелдік туристерге көмек көрсетті
Швейцария мен Германия елдерінен келген саяхатшыларға қала ішінде бағыт-бағдар беріліп, Қазақстан аумағында ұялы байланыс пен қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпараттар түсіндірілді.
Қонақтар өз алғыстарын білдіріп:
«Бұл ел керемет, біз өз елімізде жарнамалайтын боламыз», – деп әсерлерімен бөлісті.