«Таза Қазақстан» акциясы: Атырауда полицейлер тал егуге атсалысты

«Таза Қазақстан» акциясы: Атырауда полицейлер тал егуге атсалысты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері тал отырғызу шарасына қатысты.
Игі бастама барысында тәртіп сақшылары белгіленген аумаққа 200-ден астам түп көшет отырғызып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және жасыл қорын көбейтуге өз үлестерін қосты.
— Қызметкерлердің мұндай бастамаларға белсенді араласуы – олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетеді. Біз тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау бағытында да белсенді болуымыз қажет. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы, — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.
Шара барысында полицейлер табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, облыс тұрғындарын да осындай игі істерге белсенді қатысуға шақырды.
Атыраулық тәртіп сақшылары алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға қатысып, еліміздің жасыл әрі таза болашағына өз үлестерін қоса бермек.