«Заң мен тәртіп» қағидаты: консультативтік кеңесте маңызды бағыттар талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидаты: консультативтік кеңесте маңызды бағыттар талқыланды

Бүгін департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті. Жиынға полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев және Кеңес төрағасы Саламат Идрисов, кеңес мүшелері қатысты.


Күн тәртібіне сәйкес полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағыттары талқыланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Отырыс барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары қаралды. Аталған бағыттың басты мақсаты – құқықтық мемлекеттің негізі ретінде қауіпсіз қоғам қалыптастыру, азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау. Кеңес мүшелері бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Сонымен қатар, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Кеңес мүшелеріне жаңа үлгідегі куәліктер табысталды.

Жиын қорытындысында Оңал Бекеев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, алдағы міндеттерді тиімді жүзеге асыруға сенім білдірді.