Полицейлер Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шараға қатысты

Полицейлер Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шараға қатысты
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, кітапхана ұжымымен және оқырмандармен бірге рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға үлес қосты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын білдіріп, кітап оқудың маңыздылығы мен оның тұлға қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасты.
 
Кездесу барысында тәртіп сақшылары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын еске алып, жастарды кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында әдеби шығармалардан үзінділер оқылып, ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған мазмұнды әңгіме айтылды. Мұндай тағылымды шаралар қоғамда білім мен мәдениеттің дамуына оң әсерін тигізіп, жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулуда маңызды рөл атқарады.