Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Атырау облысы полиция департаментінде департамент бастығының қызмет жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаровтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Кеңеске Әкімшілік полиция басқармасы, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының басшылары мен жеке құрамы қатысты.
 
Жиын барысында 2026 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, қызмет барысында орын алған кемшіліктер талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы шаралардың тиімділігі сарапталды.
 
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, анықталған кемшіліктерді жою және алдағы кезеңде жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Полиция қызметінің тиімділігін арттыру, халықпен кері байланысты күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынды.