Қауіпсіздік күзетіндегі төрт аяқты тәртіп сақшысы — Буча

Қауіпсіздік күзетіндегі төрт аяқты тәртіп сақшысы — Буча
Атырау облысы полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында Буча есімді қызметтік ит жарылғыш заттарды іздеу бойынша нағыз кәсіби маман ретінде танымал. Оның ерекше иіс сезу қабілеті мен зеректігі кез келген қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді. Өз баптаушысы, полиция аға сержанты Рақымжан Ерболатпен бірге ол күн сайын маңызды нысандар мен қоғамдық орындарды тексеріп, халықтың қауіпсіздігін қалтқысыз күзетеді.
 
Бучаның жұмысы өте жауапты: ол күдікті затты тапқан кезде үрмей немесе шұғыл қимыл жасамай, байсалды қалыппен арнайы белгі береді. Бұл – оның алған тәрбиесі мен темірдей тәртібінің жемісі. Адам мен иттің арасындағы осындай тығыз байланыс пен адал қызмет облыс тыныштығын сақтауда үлкен рөл атқарады.
 
Қауіпсіздік күзетінде жүрген Буча – бүгінде Атырау полициясының сенімді серігі.