Атырау–Ақтөбе тас жолының 480-шақырымында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында лазерлік визуалды бағдарлау кешені орнатылды. Бұл жүйе түнгі уақытта және көріну деңгейі төмен жағдайларда жүргізушілерге жол бағытын айқын көрсетуге, қозғалыс траекториясын дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Лазерлік жарық сызықтары жол жиегін нақты белгілеп, жүргізушілердің назарын негізгі қозғалыс аймағына шоғырландыру арқылы ықтимал қауіптердің алдын алуға ықпал етеді.
Аталған учаскеде полиция қызметі жол қозғалысын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану және барлық жол жағдайларында сақтық шараларын күшейту қажеттілігі еске салынады.