«Ekin Patrol» мобильді кешені – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи құралы

«Ekin Patrol» мобильді кешені – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи құралы
«Ekin Patrol» мобильді автокешені – патрульдік полиция қызметінде қолданылатын жоғары технологиялық бақылау жүйесі.
 
Құрылғы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, 360 градус радиуста құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Қызметтік көліктің үстіндегі жарық құрылғысына орнатылған 5 қауіпсіздік камерасы айналаны толық қамтып, жол қозғалысын бақылауды күшейтеді. Бұл жүйе патрульдік полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
 
Алдыңғы камералар қозғалысты тіркеп, жылдамдықты асырған көліктерді анықтайды. Құқық бұзушылық туралы мәліметтер бірден планшетке түсіп, экранда қызыл шеңбер ішінде көліктің нақты жылдамдығы көрсетіледі. Жүйе жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
 
Айта кетейік, бұл мобильді кешен қала аумағында 2025 жылдан бастап іске қосылды.