Полицей ару әлемдік додадан жүлделі оралды

Полицей ару әлемдік додадан жүлделі оралды
7-12 сәуір аралығында Тайланд елінің Бангкок қаласында кикбоксингтен Әлем кубогі өтті. Байрақты бәсекеге әлем елдерінен 200-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Олардың қатарында Атырау облысының намысын қорғаған полиция қызметкерлері бар. Айта кетейік, Атырау облысы ПД қызметкері полиция капитаны Гүлбану Саматова тартысты жарыста жоғары шеберлік көрсетіп, кикбоксингтен Әлем Кубогінің I орын иегері атанды.
Гүлбану Саматованың бұл жеңісі – еліміз үшін мақтаныш. Қызметте де, спортта да жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген полиция қызметкері жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.