Атырауда 14-15 сәуір аралығында «Қаңғыбас» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарды анықтау, оларды тіркеуге қою және құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсету.
Сонымен қатар, тұрғылықты жері жоқ адамдарды арнайы әлеуметтік мекемелерге және паналау орындарына орналастыру арқылы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.
Аталған іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық ортаны азайту және құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтап, оларды есепке алу мақсатында жүргізіледі.